Қай абзацта ақын сатирасының ерекшелігі туралы айтылады? Мәтінді оқы.
Өз кезіндегі қазақ əдебиетінде теңдесі жоқ лирик-ақын болған Абай үздік шыққан сатирик те еді. Қашанда əдебиеттің бағыт-бағдары мен сипаты оны тудырған дəуір сипатымен тығыз байланысты. Сондықтан Абай дəуіріндегі əрі ол негізін қалаған əдебиеттің сатиралық бағыты айқын да өткір болмауы мүмкін емес еді. Солай болып қалыптанды да. Сөйтіп, сатирик Абай өзінің əшкерелеуші, уытты шығармаларының мазмұнын құраған шындықты, тақырыптар мен идеяларды сол кездегі қоғамдық, əлеуметтік құрылыстан тапты.
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңнің басқы жолдарының өзі-ақ өлеңде суреттелетін кейіпкердің кескін-келбетін ғана емес, оның ішкі дүниесінің сиқын да танытады. Ақын кейіпкердің мінез-құлқындағы, іс-əрекетіндегі жағымсыз, ұнамсыз белгілерді ақтарып ашады да, оған «пысық» деген ат береді.