Автордың күй құдіретін бейнелеу шеберлігіне өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз ойыңызды дəлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз. 1.«Күйшінің мына тартысы бөлек еді. Енді манағы мұңды əуеннің мағынасы артып, аяғы арманға ұласып барады. Жібек сазды ырғақтың арасында домбыра ақырын ғана күрсініп алғандай болады да, қайтадан сергіп балапандай талпынады. Оразымбет лыпылдаған қанат сусылын естігендей де болды. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп

безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді. Алдынан кең өріс, алыс қиян ашылғандай оның да бойы сергіп қалды..»
2. «Естеміс қиялынан сергіп, нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып, теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Аруана осы тұста бір ыңыранды.

13semiy 13semiy    2   06.05.2021 06:53    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi