Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқы. Үстеулері бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратыңдар. [3] Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген. Бүгінде кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу – нағыз өнер. Соншама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу.