«Автор орындығын» пайдаланып, «Нағыз әже қайда?» әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.
Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды. Кейіпкерлер:
1. Ая (автордың 1-қызы)
2. Райхан (автордың 2-қызы) 3. Азат (автор)
4. Жолдас (досы) 5. Азаттың әйелі
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)