Ауыл туралы не білесің? Сен ауылға қалаға жиі барасың ба?
ЖАЗЫЛЫМ
-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құра.​

KIRILLGAMER332 KIRILLGAMER332    1   06.10.2020 17:56    3

Ответы
tanya596 tanya596  06.10.2020 18:01

Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек. Ондағы адамдар өте қонақжай. Бара қалсаң, бәрі мәз-мейрам болып, сені күтіп алады. Ауылдағы достарым да жаз келсе, бізді асыға күтетін. Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам, алдымен достарымды іздеймін. Оларға деген махаббатым шексіз.  Ауылдың бәрінен де табиғаты ұнайды. Көктің иісі сіңген таза ауа мені бір керемет күйге бөлейді. Үйлердің баулары бау емес, орман-тоғайдай. Жемістері қашан көрсең самсап пісіп, жерге домалайды да жатады. Оларға ешкім су құймаса да, арықтан келген судан құмарлана ішіп, жеміс беруін тоқтатпайды. Көкөністер де молынан піседі. Тіпті үйге арнайы азық-түлік алып келудің еш қажеті жоқ па деймін. Ауылдағы үйден құрт, май, ірімшік, айран, сүт үзілген емес. Үйдегі жеңгемнің пісірген ыстық нанын бір жесең қара кешке дейін тоқ жүресің. Ауылға бір бара қалсам анамның айтуынша үйге домаланып келемін. Менің ауылыма еш жер жетпейді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi