Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде
қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол
ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол
ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі –
бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани
маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,
ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза
ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
көбіне өзімшіл болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
А
Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.
В
Қалада халық көп, көшелері у да шу.
С
Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Бүгіннен (антоним)
Қолы ашық (синоним)
1. А
2. Бүгіннен - ертеңнен (антоним)
Қолы ашық - жомарт, мырза (синоним)
Объяснение: