Ауыл – дəстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ауыл – əр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дəстүрі, қаны

мен жаны сол ауылдан басталады. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді

қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу.

«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық

жəне рухани маңыздылығын білдіреді.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,

ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрып

барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза

ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ

тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ

көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым Шын Жалған
дурыс/бурыс

А Ауылда ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрып сақталмаған.

В Қалада халық көп, көшелері у да шу.

С Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.​

lerachernenko1 lerachernenko1    2   28.10.2020 12:58    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi