Ауе коликтери туралы шагын матын

Софья151516 Софья151516    3   12.02.2021 04:35    3

Ответы
nikitakoshelevozt3ef nikitakoshelevozt3ef  12.02.2021 06:00

Мүше мемлекеттер әрбір мүше мемлекет өз аумағының үстіндегі әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендікке ие екенін таниды.

Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің әуе кемелерінің ұшуы мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаттар негізінде орындалады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта Одақта әуе көлігін дамыту әуе көлігінің қызметтер көрсетуінің ортақ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру арқылы жүргізілетін үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты шеңберінде жүзеге асырылады деп бағамдалған.

Мүше мемлекеттер Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдануға бірыңғай тәсілдеме бойынша күш-жігер үйлестіреді деп те атап көрсетілген.

Әуе көлігінің мәселелері Евразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінде су және әуе көлігі бөліміне қарайды.

Əуе көлігіне ұшақ т.б. жатады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi