Атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. мәселен, мұрат, болат, ербол, бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. әттең қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығымды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. өкембайдың тыңжыртар деп ат қойған секілді өзге қызу жұрт сол арада ду қостап, осы болсын ң аты, осы болсын. мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз дескен. міне сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің. өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «ортаншым», «кенжем», «сүйіктім», «жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. міне, әділдік деген. осы дұрыс емес пе? жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына келелік. менің атым қожа. көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес. шынын айтсам, бұл о баста қожа емес, қожаберген екен. туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды. сонымен мен өзім ес білгелі қожамын. ауыл-аймақтың бәрі солай атайды. біз бір класта екі қожа бармыз. сүттібайдың үлкен ң аты да қожа. оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені қара қожа, оны сары қожа деп атайды. әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «қара қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым. жантас тәрізді қужақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «қара қожа» деудің орнына «қара көже» дейді. мен байқамай қалып «әу! » деймін. бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет фамилиям қадыров. бір кезде «қадырұлы» деп те жазып жүрдім. бірақ жұрттың бәрі «ов» болып жатқанда менің олардан ала-бөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, «қадыровқа» қайтып келдім. қадыр – менің әкем.
дайте перевод

kg9191 kg9191    3   01.10.2019 14:29    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi