Қатпарлы қамырды бірнеше тәсілмен әзірлеуге болады, бірақ оны сапалы дайындау үшін төменде көрсетілген ережелерді бұзбай сақтау керек. Тағамды пісірер алдында міндетті түрде салқындатады (тоңазытқышта), бірақ көп тоңазытпайды.
Әзірленген тағамды суық сумен дымқылданған тақтаға салады, бірақ оған май жақпайды.
Тағамдық бетіне, қабаттардың шетіне жайылмайтындай етіп жұмыртқа жағады, әйтпесе шеті жабысып қалады да, қабат көтерілмейді.
Тарамды салқын күйінде ыстық (250°C-тан кем емес) духовкаға қояды.
Қатпарлы қамырдай тағам пісіруге (оның ішіне начинка пісірілгеннен кейін салынады) 10—15 минут, ал ішіне начинка салынған үлкен бәліштерге 15—25 минут уақыт керек. Қатпарлы самсаға мал етін және құс етін, қайнатпа алма және крем (тәтті пирог үшін) салуға болады.
Әзірлеудің бірінші тәсілі
Ұнды екіге бөледі, сары май қосылған бір бөлігін салқын жерге қояды. Ал екінші бөлігіне тұз және лимон шырыны немесе ерітілген лимон қышқылы қосылған жарты стақан су құйып илейді. Қамырлы орамалмен немесе сүлгімен жауып 30 минут жатқызады, содан кейін оны көлемді етіп жаяды. Ұн араластырып, шаршылап кесілген майды жайылған қамырдың ортасына салып, конверт түрінде бүктейді де, шеттерін біріктіріп жапсырады. Содан кейін қалындығын 1 см, енін 20 см етіп жаяды. Төрт бүктеп, 30 минут тоңазытқышқа қояды. Салқындаған қамырды тағы да жайып, төрт бүктейді де қайта салқындатады. Үшінші рет те солай істейді. Осыдан кейін тағам әзірлеуге кірісуге болады. 500 г ұнға: 400 г сары май, 1 шай қасық лимон шырыны және 1 /2 шай қасық тұз, 2 стақан су қосады.
Әзірлеудің екінші тәсілі
3 стақан ұн алып (1/4 стақан ұн жаймаға қалады), жарты стақан су, жарты шай қасық тұз және 1 шай қасық лимон шырынын немесе сірке суын қосады да қамырды илейді. 300 г сары майды 6-ға бөледі (50 грамнан), қамырды жаяды, майлық бір бөлегін тегіс етіп ірі үккішпен бүкіл қамырға үгеді, төрт бүктеп, қайта жаяды да, тағы 50 г май салады. Одан соң қамырды бүктеп, 1 сағат тоңазытады.
Домашнее задание и литература
интернет ақпарат көздері
Мәтіндегі туынды сын есімдерді тап.