"ат мінгізіп шапан жабу"туралы эссе жазу қазақ тілі 10тапсырма 39бет

nikodima2005 nikodima2005    2   30.09.2019 02:00    19

Ответы
FCRuslanZENIT1 FCRuslanZENIT1  09.10.2020 04:21

Ат мінгізіп, шапан жабу.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте шапан жабудың алар орны ерекше.

Халқымыз шапанды аса бағалайды. Сондықтан шапан жабу үлкен құрмет болып саналады. Бүгінгі күнге дейін той - томалақ, отырыс пен туған күндерде ерлердің иығына шапан жабу дәстүрі сақталған.

Ал қадірлі қонаққа ат мінгізу құрмет пен қошеметтің ең жоғарғысы саналады, себебі көшпенді халық үшін төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны - жылқы. Жылқы малдың патшасы саналады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы