Ат-ердің қанаты деген тақырыпта эссе​

Анджела1080 Анджела1080    2   22.01.2021 12:23    6

Ответы
nastya12109 nastya12109  22.01.2021 12:30

Ат — ер қанаты» деп жеті қазынаның біріне балаған, «ат-аруақ» деп бір жүйрікті бүкіл ел, ауыл намысына санаған. Сондықтан ол жүйріктің егесі ат өзінің жеке меншігі болғанымен оны басқа жаққа сатуға құқы, қақысы болмаған. Ол — елдің аты, ел намысы сынға түсер айтулы аламанға бүкіл бір ру, бүкіл бір аймақ, өңір сол аттың тілеуін тілеп баратын болған. Бүкіл тілеулес ағайын күңіреніп аруақ шақырып сол аттың тілеуін тілеген. Атқа шапқан өрімтал балалар соңғы айналымда әр қайсысы өзінің ұраны болған баба атын шақырып шырылдағанда екі көздерінен жас парлап, келе жататын. Қазақтың бар тірлігі қанатты тұлпарлармен біте қайнасып келген. Қазіргі таңда қазекең жылқы жануарын «мінсең — көлік, жесең — ас» деп біліп, қадірін ұмыта бастағандай. Ал бәйге жарыстары, сәйгүлік ұстау байлардың ермегіне айналып барады…

Объяснение:

Вот=)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi