ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю — парыз, сүю үшін білу парыз» — десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі — автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі — Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік