«Қастың аты – қас, сенің дос емес екендігіңді Ташкент құшбегі білмей ме, басыңды име. Одан да өз керегіңді өзің көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен тартып ал. Сонда ғана жауың сенімен санасады, ал қолыңды жайып, тізе бүксең, сені ол құл санайды. Құлдың тілегін кім орындаған? Жоқ, билік өзіме тиер болса, бұның бірін де істемеймін. Не болса да дұшпандарыммен алысып өлемін...» деген үзіндідегі Қасымның ойын жеткізуде автор қандай әдеби-көркемдік тәсілдерді қолданады?