Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше құрылғы бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын бақыласа, екіншісі жаялықтың ылғалдылығын анықтайды. Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға енгізілген «Бесік жырын» ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы да болады. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. (1) А) табиғат құбылыстары B) жастар тәрбиесі С) бесік туралы D) ғашықтық жайлы
Мәтін тақырыбы: С) бесік туралы