Астанада жаңа көпір бой көтерді Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед
инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу
жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.
«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны
болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау
облысының лайықты сыйлығы болмақ.
«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге
ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі
керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.
Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен
велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.
Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері
ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері –
Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді
2. Мәтінге ат қойыңыз және мазмұны бойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.
Сұрақтар
1)
2)
3)
4)