Қашанда қазақ халқы ұлттық киімдерді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін торғын, баршын, шәйі,қырмызы сияқты жұмсақ, нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп, көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс -салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні, нәзіктілігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұр ғой. Етек жеңінің кең болатыны- қазақтың дархандығын, үрім-бұтақты екендігін, мейірім, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сыйып тұр.Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған. 1-Тапсырма
А) мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
Ә) мәтіннің мазмұнына байланысты 2 сұрақ құрастырыңыз.
Б) мәтіннен буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді табыңыз.
2-Тапсырма
Сөз және сөз аралығындағы ықпалдарды түрлеріне қарай ажыратыңыз.
Он қой, Бөгенбай,тамағы, Досжан, қолхат, он бес, түнгі, сазсырнай.
3-Тапсырма
Сөйлеу этикасына байланысты тыйым сөздерге мысал келтіріңіз.