Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Теңіз түбінен ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатыр. Сонымен қатар, өңірде өкпе-тыныс жолдары, қатерлі ісік және т.б. аурулар түрлері өршіп отыр. Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуде. Кейінге қалдыруға болмайтын нақты шаралар Арал өңірі тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жерасты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауызсу жіберу, суқұбырлар құрылысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру. Теңіздің тартылуы салдарынан ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары — Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. «Көкарал» бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне барып, айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін Кіші теңізге Сырдарияның суы көбірек жеткізу мәселесін шешу қажет. Табиғат ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. Адамдарды өркениет жолында атсалысуға жігерлендіру керек.


Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Теңі

Сашалажа Сашалажа    2   14.12.2021 08:23    93

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi