Араб графикасына негізделген төл әліпби Мәтіндердің көзделген аудиториясын анықта.
Қазақ тілі түркі тілдерінің заңды мұрагері ретінде солармен бірге бес жазу үлгісін бастан кешірді. Олар – көне түркі, көне ұйғыр, араб, латын, орыс жазулары. Жалпы қазақ қоғамында араб жазу жүйесі үш сатыда: қадим, жәдид, төте жазу қолданыс тапқаны тарихтан мәлім. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов араб жазуының қазақ тіліне қолайсыз тұстарын дөп тауып, тілдің дыбыстық ерекшелігіне сай етіп, ұлттық әліпби түзеді. Сол әліпби араб тіліндегі көптеген қолжазбалардың тылсым сырына үңілуге мүмкіндік беріп, халықтың руханиятын асқақтатып, санасын сәулелендірді. Қорыта айтқанда, төте жазу – тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы, «қойыртпақ тіл» жасауға кедергі болатын тұсау, қазақ жазуының негізі, рухани тұғыры бола білді.
Мақалада қазақ тілі жазуының лингвистикалық аспектісі қарастырылады. Автор қазақ әліпбиінің тарихына шолу жасайды. Қазақ тілі жазу тарихының даму кезеңдерін атап көрсетеді. Мақалада емледегі өзгерістердің тарихи және лингвистикалық себептері талданады. Қазақ орфографиясындағы негізгі принцип айқындалады. Қазақ жазуындағы аудара отырып, әсіресе, олардың ішінде сөздерді бөлек не бірге жазылатын сөздердің формалды және семантикалық белгілеріне тоқталады. Фонетикалық принциппен жазылатын сөздерге түсініктеме беріледі. и, у әріптерімен жазылатын сөздердің тасымалдануы, бас әріптің қызметі, қазақ жазуындағы үндесім заңының көрінісі сөз етіледі.
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.
Қытайда — араб жазуы негізінде, ресми түрде Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданындағы Іле Қазақ аутономиялық облысында. Тағы да Ауғанстан, Иран және Пәкістан елдеріндегі қазақ диаспорасы да пайдаланады.
Түрік Республикасында — қазақ диаспорасы ресми емес түрде латын жазуы негізіндегі түрік әліпбиін пайдаланады. Сонымен бірге Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.