Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы — Қарағанды облысының Қарқаралыауданындағы таулы-орман ландшафты. Табиғаттың бірегей нысандарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында 1998 жылы құрылған. Сарыарқа аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға бөлініп кеткен. Көп жерлерде гранитті тақталар жалаңаштанған. Тау айларынан бұлақтар басталып, шағын өзендер бастау алады. Қарқаралы тауларында Қарқаралы, Қопа, Аюшат, Қаракеңгір, Кент тауында Қызылкеніш, Қадыр өзендері, Шайтанкөл, Бассейн, Үлкенкөл, т.б. көлдері бар. Шағын суқоймалары, суға толы гранитті жартас шұңқырлар кездеседі.
Аймақтың ауа райы континентті, күн сәулесі көп түседі. Жазғы жауын-шашын қысқы уақыттан басым және жазда жиі құрғақшылық болып тұрады.
найдите )қысқы)антониум, синоним(ел)​

dany20skribka dany20skribka    3   02.11.2020 07:56    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi