Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алы