Аппақ сүт дариясына шомылып, мүлrin тұрғандай, жер бетіндегі заттың бәрі буалдыр арасынан көмескі, күңгірт көрініп, көңілді бір белгісіз үрей сезімдер билеген шақты Кириск бұрын тіпті ұнататын да... Ал қазір буырқанған теңіз үстінде біресе жазылып, біресе жиырылып, ирелеңдеп жөңкіген тұман айдаһардың жер бауырлап жылжығанын еске салғандай еді. Күллі әлемді қамтып алған мына сіреспе бозғылт тұман тұтқынында қақпайлаусыз қалтылдап, тағдыр құрығына тырп етпей мойынсұнған шақ... Кер тұман адамды езгiлей түсіп, еріктен айырып мең-зең халде қалдырған... (Ш.Айтматов)
1.
2.
3.
4.