Апа, ақ сүтіңнен айналайын!
Соғысты біз тілеп алған жоқпыз. Соғыс зұлымдық. Әлемдегі адамдарға қауіпті. Біз онымен күресеміз. «Мен соғыста ерлік көрсетейін» деп ойлаған емеспін. Мен мұғалім болуға дайындалып жүрдім. Балаларға сабақ бергеннің — менің кінәм емес. oрнына колыма қару устадым. Жауынгер болдым. Ол - емес,
Қазір мектепте оқып жүрген жастарға менің алғашқы сабағым ОСЫ.
Оларға беретін білімім де Осы. Бір сағаттан кейін мен кетемін. Отаным үшін бір міндетті орындаймын. Қайта келмеймін. Жауды талкандаймын, өзім де жок боламын. Отан үшін, халық үшін, дүниедегі бар жақсылық үшін...
Бул — менің соңғы хатым, соңғы сөзім. Апа, мың бір рет «Апа!» - десем де, қадіріңе жетем бе? Түсінші, бұл — жай ғана өлу емес. Бұл — өмір үшін өлім. Мен осыған өз еркіммен бардым.
Мені жоктама, апа! Будан былай Жер бетінде соғыс болмасын! Жылама, апа! Қош бол!
Сенің мұғалім балаң – лейтенаm Майсалбек. Майдан, 1943 жылдың 9 наурызы, түнгі 2.00.