Антракт – театрда, концертте, циркте көрсетілетін қойылым-
дардың аралығындағы үзіліс.
Мәдени орынға келу бірқатар әдептілікті сақтауды талап
етеді. Аталмыш орындардағы басты қағида - спектакль бары-
сында оқыс оқиғаның орын алмауы, әртістер мен музыкант-
тардың ойынына кедергі келтірмеу.
Сырт киіміңізді гардероб-
қа еркін өткізіп, қойылым бағ-
дарламасымен танысып, өзі-
ңізге тиесілі орынға уақытын-
да отырғыңыз келсе, театрға
қойылым басталғанға дейін
15-20 минут ерте келгеніңіз абзал. Кешігіп келген жағдай
да, сіз өзге көрермендерге кедергі келтіріп қана қоймай, өзі
ңізге тиесілі орынға емес, бақылаушылар көрсеткен орынға
отыруыңызға тура келеді. Антракт кезінде ғана өз орныңызға
ауыса аласыз.
Бүгінгі күні театрға әйел адамдар ұзын көйлек, ер адам-
дар смокинг киіп келуі керек деген қағида жоқ, дегенмен
театрдың мәдени орта екенін естен шығармай, киім үлгіңіздің
көше стилінде болмауын қадағалаңыз. Ер адам қасындағы
бикештің сырт киімін алып, содан соң ғана өзінің сыртқы
киімін гардеробқа өткізгені дұрыс деп ойлаймыз.
Отырған көрермендерге жүзіңізді беріп өткеніңіз сіздің
сыпайылығыңызды байқатады. Әйел адам орнына бірінші
болып өтуі керек. Көрермендер залында екі жұп қатар отыр-
са, әйел адамдар ортада, ал ер адамдар екі шетінен орын алуы
тиіс.
Егер театрда таныс адамыңызды кездестіріп, қатар отыр-
ғыңыз келсе, жаныңыздағы көршіңізге өтініш айта аласыз.
Көрермендердің залда бастарын түйістіріп отыруына немесе
биікқалпақ киіп отыруына болмайды, бұл арттағы көрерменге
қойылымды тамашалауға кедергі келтіреді. Ер адамның мін-
деттерінің бірі – қойылымның бағдарламасын сатып алып,
серігіне ұсыну. Қойылым алдында алып үлгермесеңіз, жаны-
ңызда отырған көршіңізден уақытша сұрап алуға болады. тезистык жоспар құру