Аннотация. Қазақ мәдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен Ынтымақтастықтың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар такырыбы аса өзекті мәселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние - танымының бейнесі. Мақалада қазақ мәдениеті мен ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мәмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мәнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған казына болып табылады. Қазақ мәдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу және жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мәдениеті дамиды. Түйін сөздер: құндылықтар, тәрбие, гуманизм, дәстүр, жаңалық, жауапкершілік