Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас жаралғалы бері, ана тілі ілік айнасы болып келеді. ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. бұл сөзді қырғыз ақыны сарноғаев айтқан. өз халқын сүйе білген өзге елді де сүйе біледі. «ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. біздің халқымыз тілге кедей емес. халқымыздың тілдік қоры өте бай. тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. тіл байлығы - рухани байлық. (қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз) лексика-грамматикалық тапсырмалар: ііі деңгей. мәтіннен тәуелдік және септеулік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның жағы мен септігін анықтаңдар. іі деңгей. берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. 1 нұсқа - ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. 2 нұсқа - өз халқын сүйе білген өзге елді де сүйе біледі. і деңгей. ана тілі тақырыбына 4-5 мақал – мәтел жазыңдар.

liznesterencko liznesterencko    1   09.08.2019 07:10    8

Ответы
jekainozentsev jekainozentsev  04.10.2020 06:49

ІІІ деңгей.

Адамгершілік (+тің ілік септігі жалғауы жасырын түрде),айнасы (тәуелдік жалғауының ІІІ жағы),халықтың (+тың ілік септігі жалғауы),өзінің (+і - тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+нің ілік септігі),белгісі (+сі тәуелдік жалғауының ІІІ жағы),өз (+нің ілік септігі жалғауы жасырын түрде),халқына (+ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+на барыс септігі),тілін (+і тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н табыс септігі),халқын (+ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н табыс септігі),сөзді (+ді табыс септігі жалғауы),қырғыз (+дың ілік септігі жалғауы жасырын түрде),ақыны (+ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы),елді (+ді табыс септігі жалғауы),парызың (+ың тәуелдік жалғауының ІІ жағы),дегеніміз (+і тәуелдік жалғауының ІІІ жағы),біздің (+дің ілік септігі),халқымыз (+ымыз тәуелдік жалғауының І жағы),тілге (+ге барыс септігі),халқымыздың (+ымыз тәуелдік жалғауының І жағы,+дың ілік септігі),қоры (тәуелдік жалғауының ІІІ жағы),тіліміздің (+іміз тәуелдік жалғауының І жағы,+дің ілік септігі), байлығын (ы+тәуелдік жалғауының ІІІ жағы,+н табыс септігі),ауызбен (+бен көмектес септігі),байлығы (+ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы).

ІІ деңгей.

1-нұсқа.

Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі.

Белгісі - баяндауыш,ана тілі - бастауыш,әр - пысықтауыш,халықтың өзінің төл - анықтауыш.

2-нұсқа.

Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.

Сүйе біледі - баяндауыш,адам - бастауыш,өз халқын сүйе білген - анықтауыш,өзге - анықтауыш,елді - толықтауыш,де - шылау.

І деңгей.

1) Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді

2) Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

3)Ана тілі – бәріміздің анамыз,

Өйткені ол – ұлтымыздың анасы

4) Ана тілің алпыс тілге татиды.

5) Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi