Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем. Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. Туған анамды ұмытқаным емес пе, Туған тілім, Егер сені ұмытсам. Өлеңдегі сөздерге сөз екпінін қойыңыз. «Ана тілім» өлеңі