Анаға хат жаз 50 сөз болуы тиіс ​

лерчик1253 лерчик1253    2   01.04.2021 11:22    1

Ответы
Aizadaserikova2004 Aizadaserikova2004  01.05.2021 11:24

Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырла , бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.Рас, кейде сіздің маған уақытыңыз жетпейтін кездер де болады. Мен оған ренжімеймін. О,жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та , мейір бан не бар сенің жүзіңде?! Осы құшақ тұрғанда мен басқа ештенеңі де арман етпеймін.Ешбір бақыт-байлыққа , салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін.Алтын анам ,аяулым,тек сен аман болсаң,болды маған.Үлкейіп адам болған кезде мен сенің жақсылықтарыңды қалайда ақтауға тырысамын .Ана ! Балапан жүрек балаңыздың көңіл тебіренісін өзіңізге деген алғысы деп біліңіз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi