Амында Еге
антонимдерімен қатар қолданады. Жазба жұмысында эссе құрылымын сақтап,
Оқиғаны сипаттап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Үй жануарларының ішіндегі алыбы – түйе. Ол жаратылысы, бітім-болмысы өзге
түліктерден ерекше жануар. Бойы, салмағы, дене тұрқы, шыдамдылығы оның
ерекшелігін көрсетіп тұрады. Түйенің кез өркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма деген
атаулары бар. Оның салмағы 700-800 кг. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді
аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп
атайды.
Түйе сүті өте құнарлы келеді. Ал түйенің шұбаты дертке шипа. Түйе сүтінің тағы
бір қасиеті – оның ішінде жас балалардың сүйегін дұрыс жетілдіретін түрлі тұздар
болады. Түйенің ет өнімділігі де жоғары. Оның еті, әсіресе өркеші жұғымды, өкпе,
туберкулез ауруы бар адамдарға пайдалы. Түйе жүнінен тоқылған бұйымға сұраныс өте
көп. Себебі түйе жүнінен жасалған орамал, кеудеше, күпілер суық еткізбейді, таза әрі
жұмсақ.
1. Мәтіннен омонимді тап
2. Жануарлар туралы мақал жазыңыз
3. Түйенің адамға берер пайдасын жазыңыз