Қамаудың хан ауылы қыр жағында Аңңытып ақ орданың бір жағында Күйші атыр домбыраны дүбірлетіп Құмар қып тартқан күйдің ырғағына Буынсыз он саусағы күй қағуға Көңіліне тыңдағанның от жағуға, Бал тамған бармағынан домбырашы Жан терге түсіп отыр мына дуда.
Күйшінің қошеметке көңілі тасып, Бес бармақ маймаң қақты перне басып, Толқынтып тоқсан күйді дүрілдетті, Көңілді бірде шымшып, бірде қысып.
Екі ішек жүрек жарып, көңіл ашып, Бірде ойнақ, бірде баяу сыбырласып, Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің - Бәрін де лақылдатып, төгіп-шашып.
Күңіренген бір мұңды күй даланы алды Табиғат тып-тыныш бола қалды. Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.
Можно перевод на русский
қанағат жатырда да жина