Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 млн- нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді. Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? 1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. а) Ғалымдардың болжамы бойынша қанша жаңа мамандық дүниеге келеді? b) Сарапшылардың айтуынша қандай қызметкерлерге сұраныс төмендейді? с) Қазыр Қазақстандық жоғарғы оқу орындары қанша бакалаврлар даярлайды? d) 2020 жылы әлемде қанша жаңа жұмыс орны ашылыды?