«Алтынемел» — 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында ашылған ұлттық саябақ. Ол Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Жер көлемі — 460 мың гектар. Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында орналасқан табиғи ескерткішінің бірі — «Әнші құм» кіреді. Мұндай «Әнші құм» табиғатта өте аз кездеседі. «Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткіштерге бай. Онда түрлі- түрлі көне суреттер салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп. - «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің түрі, 56-ға жуық жануардың түрі, балықтар, құстар бар. Олардың көбі «Қазақстанның Қызыл кітабына» кірген. Айналада биік-биік ағаштар, өзен-көлдер де мол. Оларға жан-жақтан келген туристер қызыға қарайды. Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.