Алтын адам Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы 165 см болған. Табылған қорған ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII-II ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген. Зиратга 4000-нан астам алтын заттар, қылып, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды. Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады. Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді. Күміс ыдыстағы жазбалар, қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Зиратта табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы мүмкін. Биіктігі 70 сантиметр бас киім, сәукелеге өте ұқсайды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис). Жауынгердің саусақтарында екі сақина киілген. Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы Митра бейнеленген деген ақпарат бар. Алтынның жалпы салмағы қанша екені белгісіз. Қазба жұмыстары аяқталған соң, қорғанның орнына автобаза салынды. Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында орналасқан. Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласының мұражайында, осы археологиялық табыстың көпшірмесі бар. (150 сөз) 1. Мәтін бойынша ақпаратты толықтырыңыз. ал бойы - Алтын адамның жасы болған. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерде өмір сүрген. Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы бейнеленген деген ақпарат бар. Қазіргі уақытта ол — Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар орналасқан.