«Алтын адам» 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының жанынан табылды. Бұл әлемдік сенсация болды. Ғалымдар бұл адамның б.з.б. V-IV ғасырларда өмір сүргені және оның сақтар тайпасының 17-18 жастағы жас жауынгері болғаны анықталды. Бұл қорғанды археолог-ғалым Кемел Ақышев тапты. «Алтын адам» киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Баскиімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас: биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында болған. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер жапсырылған, оң жағында қызыл ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған темір қанжары бар. «Алтын адам» – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды. (135 сөз) Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөзбен жазыңыз. [3]

netunikaa netunikaa    1   11.12.2020 02:03    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi