Алтай ботаника бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі, еншілес мемл. кәсіпорын. Биол. зерттеулер орт-на қарайды. 1935 ж. Шығыс Қазақстан обл-ның Лениногор (қазіргі Риддер) қ-нда құрылған. Аумағы 176 га, теңіз деңгейінен 760 – 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. А. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 4000-дай түрінің 200-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішінде ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлдердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. А. б. б. осы уақыт ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. Сондай-ақ А. б. б. табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.Міне мәтін. қазақ тілі 64 бет 4 тапсырма 5 сынып омоним антоним синоним ​табу керек.

Rustam7887 Rustam7887    1   27.11.2020 21:51    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi