Алматы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан алып шаһар. Медеу – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Медеу мұз айдыны Алматыдан 18 шақырым жерде орналасқан. Сәулет өнерінің ерекшелігі мен табиғи ерекшелігінің арқасында Медеу мұз айдыны әлемге танымал. 2510 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ тау-шаңғылық курорты – Алматының інжу-маржаны. Бұл жерде таудың таза ауасымен тыныстаумен қатар шаңғы тебуге болады. Көктөбе – Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан төбе. Биіктігі – 1070 метр. «Көктөбе» телемұнарасы түрлі-түсті жарықпен қала тұрғындары мен қонақтарын өзіне тартып тұрады. Көктөбеден Алматының сұлулығын тамашалауға әбден болады. А) Мәтіннен күрделі сөздерді (біріккен, қос сөз, тіркес сөздерді) тауып жазыңыз.
В) Күрделі сөздерді қатыстырып, «Отбасылық құндылық» тақырыбына 30-40 сөз көлемінде мәтін жазыңыз.