Алматы-қазақ мəденитінің қара щаңырағы ойтолғау

kamiramasirovEasyran kamiramasirovEasyran    3   25.09.2019 22:50    1

Ответы
Guru2002o6 Guru2002o6  02.09.2020 01:51

Алматы – қазақ мәдениетінің қара шаңырағы.

Асқар Алатаудың баурайында орналасқан Алматы қаласы - еліміздің оңтүстік астанасы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының ордасы, қара шаңырағы. Бұл жерде бірнеше мемлекеттік театрлар, атап айтқанда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры, М.Ю.Лермонотов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балаларға арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры т.б сынды мәдениет ордалары орналасқан. Алматы қаласында тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде бірнеше түрлі мәдениет іс – шаралары, өнер додалары, ғылыми – практикалық конференциялар, жарыстар өткізіліп тұрады, солардың бір мысалы 1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия дауысы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.

Алматы қаласында алғашқы қазақ интеллигенциясының жетілуіне ерекше ықпал еткен, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институты, Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институты, Қазақ ауыл шаруашылығы институты, Қазақ медициналық институты, Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi