Алматы қаласының символына айналған жеміс

vadimkakuz200 vadimkakuz200    1   12.09.2019 05:50    0

Ответы
merey221 merey221  07.10.2020 09:03

Алматының символы.

Қазақ жерінің, оның ішінде Алматының сәні, символ, Жетісудың ең төл жемісі атанған ол – апорт алмасы. Оның көздің жауын алатын қызыл-жасыл түрі, тілді үйіретін тамаша дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет.  Бір сөзбен айтар болсақ , апорт – алмалардың патшасы екен. Осы апортқа тең келетін алма бұрын да, қазір де әлемдік ассортиментте бірде-бір сорт жоқ, оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайтыны анық.

Алмалардың патшасы  апортты айтсаңызшы, шіркін! Көлемі тостағандай болып, кейбіреуі 500-600 грамм тартқан. Құжаттарға сүйенсек, ертеде 1200 грамдық ғажайып апорт  алмалары болған екен. Оның көз жауын алатын қызыл-жасыл түрлері, тілді үйіретін ерекше, тамаша  дәмі мен жансарайыңды ашатын ғажап иісі керемет екен. Апорт алмасы басқа алмалардан мың есе артық, ерекше болған.. Оған тең келетін алма қазір де, бұрын да болмаған. Оның орнын ешқандай алма сорты толтыра алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстандық жол» дегенөзінің  кітабында апорт бір кезде Алматының сәні болған деп сипаттайды. Халықпен кездесулерінде Президент апортты қазақстандықтардың ұлттық мақтанышы, ол экспорттық тауар болуға тиіс деп айтқан екен. Бірақ, соңғы жылдары апорттың азаю үдерістері байқалуда. Жемісі уақталып, түрі солғын тартып, дәмі мен иісінен түгелдей айырылған. Бұрынғы апорттардың түрі, түсі, пішіні де қазіргі кезде жоқтың қасы. Иісі мұрынды жаратын алмалар жанның рахаты еді. Енді қазір олар жоқ. Оның себебі неде? Біз осы атағы бүкіл әлемге мәлім болған, ұлттық мақтанышымызға айналған, Алматының символы, Жетісудың төл жемісі апортымызды жоғалтып алған жоқпыз ба? Оны қайтадан жаңғыртуға бола ма?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi