Мысыр билігі әлемнің жеті кереметінің бірі - 700 жыл бұрын жер сілкінісінен қираған Александрия шамшырағын қалпына келтіруге ниетті, деп жазады шетелдік БАҚ. Құрылыс жобасы мақұлданған шамшырақ бұрын орналасқан жеріне жақын жерде Фарос аралына салынады. Құрылыс салушылар оны мәтіндік сипаттамасына негіздеп салмақ, себебі оның бірде-бір суреті бізге дейін жеткен жоқ. Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған
.