Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында еврей отбасында дүниеге келген. Алғаш рет Мюн- хендегі католик шіркеуінде білім алған. Шіркеуде оған діни түсініктерді оқытса да, ғылыми кітаптарға Қызығушылығы артып, ақыры ғылым жолына бет бұрған. Гимназияда оқып жүрген кезде Альберт Қиын оқушылар қатарына жатқызылып, тәртібі жайлы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүреді. Ол «математика» мен «латын тілі» пәнінен басқа сабақтарға дұрыс көңіл бөлмеген. Эйнштейннің басты еңбегі — «Салыстырмалылық теориясы». Сонымен қатар «Эйнштейн заңы» атанған фотохимия заңын анықтаған. Фотохимия заңын ашқаны және теориялық фи- зика саласындағы зерттеу жұмыстары үшін А. Эйн- штейн 1921 жылы 42 жасында Нобель сыйлығына ие болған. Эйнштейн фашизмге қарсы шыққан. 1933 жылы Германияны фашистер билеген кезде Америкаға қоныс аударған. Ғалым ядролық қару жасауға ашық қарсы болған. 1939 жылы Америка Құрама Штаттарының Президен- ті — Рузвельтке хат жазып, ядролық жарылыстың қауіпті екенін ескерткен. Эйнштейн өмірде жаңғалақ, ұмытшақ, салдыр-салақ болған екен. Бір күні ол өзі Оқыған кітаптың арасынан мың доллардың негін тауып алады. Мұндай ақшасының бар-жоғынан, қайда қалғанынан да бейхабар екен. Күнделікті тіршілікте икемсіз, қанағатшыл адам болған. Ол өз үйінің мекен жайын керек кезінде есіне түсіре алмай қалады екен. Эйнштейн 22 жыл еңбек еткен. Ол өзі небір жаңалықтар ашып, оны құпия сақтаған. Өлерінің алдында ешкімге көрсетпей, өртеп жіберіпті. Ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегінің жемісін неге жоқ КЫЛЫП жіберді екен? Ол — қандай жаңалық болды екен? Ғалым келер ұрпаққа неге алдырмады екен? Бұл сұрақтың жауабын ғұлама физик өзімен бірге алып кеткен. выписать подлежащие, сказуемые и междометия