«Алаштың ардақты азаматы-Ахмет» атты
дәлелдемелік эссе жазыңыз. Сөз саны

1256545544 1256545544    3   15.12.2020 14:00    1

Ответы
kamilya14957 kamilya14957  15.12.2020 14:10

ответ:Дәлелдемелік эссе

Алаштың ардақты азаматы.

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын!...- деп ұрандап өткен Алаш қайраткерлері өн бойыңа елге деген сүйіспеншілік сыйлайды.Алаш қозғалысы,Алаш автономиясы атты тарихи оқиғалардың тарихымызда алар орны зор.Сол Алаш қозғалысы кезінде талай қайраткерлер елім, жерім деп,қуғынға ұшырап қаза тапқан.Сондай алаштың ардақты азаматтарының бірі,қасына талай ұлтжанды қазақты жия білген тұлға – Әлихан Бөкейханов болды.

Әлихан Бөкейханов – қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға,ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,аудармашы.Оқу оқып жүргеннің өзінде-ақ оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады,елдің тұрмысын, мәдениетін,білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойған екен.Әлихан Бөкейханов хан ұрпағынан болды.Сол себепті де Әлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін ғұмыр кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп жіберген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінәсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. Әлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» - деп жазды. Әлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалғандығынан алаштың өр тұлғалы азаматы екендігіне көз жеткіземіз.Оның есімі мәңгі біздің жадымызда қалады деп білемін.

Объяснение: осы көп болса, ештеңе емес басқаларға жаксы болады . Nice

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi