Ғаламтордан қазақстанның қызыл кітабіна енген 1 құс пен 1 аң туралы мəлімет тауып жаз. тапқан ақпараттарыңды ауызша баянда.

zcneltyn zcneltyn    3   31.08.2019 23:10    2

Ответы
160678 160678  10.08.2020 07:19

Қаяздар - Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланатын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кәдімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін жетеді. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.

Акбөкен-Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi