«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Барлық ұпай:10

Тапсырма №1. Мәтінді түсініп оқыңдар. Проблемалық 2 сұрақ құрастырыңдар. Мәтінге комментарий жазыңдар. (3-4 сөйлем)Жастар және әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс 20 жасында «Microsoft» компаниясының негізін қалап, өзінің алғашқы миллиондарын таба бастаған. Бүгінде оны идеал санап, 48 миллиардердің соның жолымен жүретін жастар да көп. «Chief Executive Officer» журналы ғаламтор арқылы байыған жастардың тізімін тізіпті. Бірінші орында 30 жастағы американдық Мэтт Мулленвег топты жарыпты. Хьюстон университетінің 1-курс студенті кезінде, яғни, 19 жастағы Мэтт бүгіндегі танымал «WordPress» сайтын құрған болатын. Қазір әлемдегі ең қалтасы қалың жастардың бірі. Екінші орынға алдағы мамыр айында 30 жасқа толатын Марк Цукерберг жайғасыпты. Бала күнінен компьютер бағдарламаларына жақын болған ол Гарвард университетінде оқып жүріп, 2004 жылы парталастары Крис Хьюз бен Дастин Московицпен бірге Facebook әлеуметтік желісін құрады. Алайда олардың арасында келіспеушілік орын алып, ақыр соңында Facebook-тің иесі Марк Цукерберг болады. Содан байыған ол 2009 жылы әлемдегі ең жас миллиардер атанады. Былтыр «Forbes» журналы Марк Цукербергтің байлығын 19 млрд долларға бағалады.
Үздіктер тізімінде 23 жастағы американдық Эшли Коуллске үшінші орын бұйырды. Себебі ол өзінің 14 жасында Whateverlife.com сайтын ашып, миллионер атанған еді. Мектеп қабырғасында жүріп графикалық дизайнмен айналысқан қыз өзінің жұмыстарын аталған сайтта жариялап, оқырманның қызығушылығын тудырған, содан оның сайтына жарнама берушілердің қатары көбейген. Алғаш рет жарнамадан 20 мың доллар табыс
тапқан. Үш жылдан кейін сайтқа күнделікті 1 миллион адам кіретін болған. Ал 2008 жылы сайттың жылдық табысы 1 миллион долларды құраған.

Дескриптор:
Мәтін идеясына қатысты 2 проблемалық сұрақ құрастырады. 2
Ақпараттарды саралап, комментарий жазады. 3-4 сөйлем 3

Тапсырма №2. Мәтіндегі етістіктерді төмендегі кесте бойынша топтастырыңдар.
Жедел өткен шақ:
Бұрынғы өткен шақ:
Ауыспалы өткен шақ:
Дескриптор:
Етістіктердің қай шақта тұрғанын ажыратады. 5

erenina88 erenina88    1   04.03.2021 12:27    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi