Аламтор арқылы қазақ халық музыкалық аспаптарының мұражайына саяхат жа-
сандар. өздеріңе ұнаған аспапқа сипаттама жазыңдар.​

Lizzik657 Lizzik657    2   19.12.2019 13:00    4

Ответы
LK2002 LK2002  10.10.2020 21:48

Қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі халқымыздың бітім-болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре-тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы. Музыкалық аспаптар халықтың тұрмыс-тіршілігінен, салт-санасынан, әдет-ғұрпынан да хабар береді. Халқымыздың дәстүрлі музыкалық аспатарын саралағанда ең әуелі олардың дыбыстық ерекшелігі мен жасалу заты басты назарға алынады. Әрбір аспаптың дыбыстық ерекшелігі олардың белгілі бір ортадағы қызметі мен қолданысының өлшемі болса, жасалу заты сол аспап атауының айқындауышы болып саналады.Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің пайда болуы туралы мұңды аңыз бар. Ерте-ертеде алыс ауылда бір қарт өмір сүріпті. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты қыста жұт болып, адамдар ішер асқа зар болды, қарттың үйін де қайғы жайлады. Оның ұлдарының бірінен соң бірін ажал жалмады. Үлкен ұлы өлгенде, қасіреттің қара шекпенін жамылған қарт қураған ағаштың бір бөлігін кесіп әкеліп, оған ішек тағып, тиек орнатып, «Қарағым» дейтін күйін шығарады, екінші ұлы өлгенде кәрі әке екінші ішекті тағып, «Қанат сынар» күйін тартады. Қарт әрбір баласына күй арнаған сайын аспапқа бір-бір ішектен қосып отырған. Барлық жеті күй қазір «Жетігеннің жетеуі» немесе «Жетігеннің жеті күйі» деген атпен аталған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi