Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды. 4 қыргүйек

Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.

10 қыргүйек

Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.

2-мәтін

Біздің ауыл тамаша!

Көз тоймайды қараса...

Ағып жатыр өзені,

Жағасына өскен көп қамыстар аласа.

Әйтеке би атамыздың,

Есімімен аталған.

Қаздай болып тізіліп,

Әдемі үйлер салынған.

Мешіт те бар ауылда,

Саябақ бар тағы да,

Өзге ауылға бара қалсам,

Тез қайтамын ауылымды сағына.

Тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз. Сравните жанр, тему, содержание текстов.

Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Жанры

Мазмұнына 3 сөйлем жазыңыздар

По содержанию пишите 3 предложение

Жазылым.

Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарын жүктейді.

Ұсынылатын мінездемелер тізбегі: зерек, өнерлі, еңбекқор, әділ, сыпайы, ашушаң, батыл

Тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды қолданыңыз. Абайға мінездеме жазыңыз. 15 сөйлем.

Бағалау критерийі

cerkasovae50 cerkasovae50    3   18.10.2020 08:55    11

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi