— Алғашқы сөздік қашан жасалды?
Түркі халықтарының алғашқы сөздігі қашан
жазылған? Авторы кім?
Онлайн сөздік деген не?
Электрондық сөздіктің шыққан жылы сделаю лучшей отве​

ангелина618 ангелина618    2   14.01.2021 11:58    0

Ответы
SadPlayer007 SadPlayer007  13.02.2021 11:59

Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi