Алғашқы қол сағаттар 1812 жылы Неополитан королдігінде жасалды. Сол уақыттан бері тек танымалдылық ғана жинап келеді. Қазіргі таңда микрокомпьютердің көмегімен смарт-сағаттар шығарылып, олар тек уақытты көрсетіп қана қоймай, адамның қан қысымын, тамыр соғысын да дәл айтып, музыка да ойнап бере алады. Ұзақ уақыт бойы қолсағаттар тек аксессуардың рөлін атқарып, оларды тек әйелдер сәндік ретінде тағатын. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери бөлімдердің командирлері қолсағаттардың көмегіне жүгінді.

Қоғам арасында швейцариялық шеберлер әлемдегі үздік сағаттарды жасайды деген ұғым қалыптасқан. Бірақ, механикалық сағаттарды алғаш болып голландиялық Гюйгенс есімді ғалым жасапты. Оның ойы бойынша сағатта тек төрт ғана элемент болуы тиіс, ал қалғаны қосымша ғана.

Өнертапқыш Леви Хатченс алғашқы оятқыштың авторы. 1787 жылы ол өзін күн сайын жұмысқа оятатын құрылғы ойлап шығарды. Қазір біз смартфонды қолымызға алып, небәрі бір-екі функцияны орындау арқылы ғана оятқыш қоя аламыз.

Қазіргі таңда қолсағаттар қайтадан сәндік бұйымға айналып бара жатқандай. Себебі адамдар көп ретте уақытты ұялы телефонынан қарауды әдетке айналдырған.

Әлемдегі ең дәл сағат – атомдық сағаттар. Мамандардың айтуынша, мұндай сағаттар миллион жылда бір секундтан ғана қателесуі мүмкін. Атомдық сағатты Ұлттық стандарт және технология институтының ғалымдары құрастырған. Олардағы уақыт өлшемі цезий атомының вибрациясы арқылы жасалады.

Кварцтық сағат айына 40 секундқа дейін қателессе, механикалық сағат тәулік сайын 4-6 секундқа қалып кетеді.

Бірқатар елдер сағаттық белдеулерге аса сенбей, түзетулер енгізген. Мысалы, Қытай бірден төрт бірдей сағаттық белдеуде орналасқан. Бірақ, ел үкіметі барлық провинцияларды теңестіріп қойған.

Мәтіннен сан есімдер мен сын есімдерді тауып, кестеге жаз.

MN0G0ZNAAL MN0G0ZNAAL    1   23.10.2020 09:01    3

Ответы
7Kamilla 7Kamilla  23.10.2020 10:01

шващащещщақапқеқеқеқеқеқеқеқеқеқеқеқеқе

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi