Қалқаман әбдіқадыров «Қажымұқан». 1-сабақ Үзінді композициялық құрылымының қай кезеңіне жататынын
анықта.
Ақпан-қаңтардың сақылдаған сары аязы. Қыламықтап қырау ұшқындап,
барлық заттың сыртына мұздан сауыт кигізіп тұрды. Қызылжар қаласының
орталық бір көшесіндегі қорада, үлкен сарайдың темір қақпасы кең
ашылып, ішінен «ауппалаған» да уыс естіліп жатты. Бұл саудагер Иван
Ногичтің қоймасы еді. Күзде сойылған малдың еті мен майы енді ішкі
Ресейге жөнелтіліп, оны таситын 60 пар ат-шана жұмсайтын кіреші бай
Орлий Масликов кіресін алып еді. Отыз пұт май құйып қатырған кеспекті о
адам жабылып, орнынан қозғалта алмай жатты. Сарай ішіндегі дауыс –
солардың үні.
A
оқиғаның дамуы
оқиғаның шарықтау шегі
оқиғаның басталуы
оқиғаның шиеленісуі
оқиғаның шешімі