Менің туған жерімнің табиғаты өте керемет. Орман, көл, көкмайса, көкорай шалғын. Бір ғана көлдің өзін алатын болсақ, қандай тамаша, суын айтсаңшы мөп-мөлдір. Ал көл бетіндегі кербез аққулар көлге ерекше сән береді. Аққулы көл сұлулығы басқа көлдерден ерекше.