Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін салушы. Өз ұлтының бағы үшін аянбай тер төккен тұлға. А. Байтұрсынұлы қазақ балаларының өз ана тілінде хат танып, білім алу жолында үлкен еңбек еткен. Ол араб жазуы негізінде қазақ әліпбиін жасады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, қазақ тілінің үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы белгі жасайды. Одан осы жазуды үйрететін әліше жазады Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі – ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. А.Байтұрсынұлы өз ұлтының ой-санасын оятуды, халқын отаршылдық езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат-жігерін соған арнады. А.Байтұрсынұлының өмір жолы ғана емес, ақындық жолы да өте ауыр болды. Өзіндік сенімі үшін жазаланған ақынның өзімен бірге жыры да торға түсті. 1-тапсырма. Мәтіннен септеулік шылауларды тауып, септіктерін анықтаңыз.
мне надо
1 задание найдите суффиксы определите суффиксы